Кәсіподақ туралы

Қадірлі әріптестер!

Сізге деген зор құрметіміз бен ықыласымызды білдіре отырып, төмендегі ақпаратты қаперіңізге береміз.

Өзіңізге белгілі Компания жанында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі қызмет етеді (одан әрі — Кәсіподақ). Оның негізгі мақсаты Кәсіподақ мүшелерінің, сондай-ақ жалпы компания қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады. Ол өз қызметінде жұмысшылар мен жұмыс берушінің еңбекке байланысты арақатынасын реттеп отыратын заңды және тәуелсіз өкіл.

Кәсіподақ жұмыс берушімен келіссөздер жүргізеді, қызметкерлер атынан жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер көзделген келісімдер мен ұжымдық шарттар жасап, олардың орындалуын қадағалайды. Мәселен, Кәсіподақтың табанды еңбегінің арқасында Компания басшылығымен жасалған Компания қызметкерлерінің мүддесін көздейтін ұжымдық шарттың негізінде өткен 2016 жылдың қорытындысы бойынша 1 722 084,0 мың теңге кезекті еңбек демалысына шыққан 5742қызметкерлерге сауықтыру шараларын алу үшін төленді. 41 333 мың теңге көлеміндегі қаражат 2016 жылы балалы болған немесе бала асырап алған 557 қызметкерге жәрдем ретінде төленді. 147 004,909 мың теңге көлеміндегі қаражат Компания қызметкерлері балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға жолданса, 53 500 мың теңге көлеміндегі қаражат жоғарғы оқу орындарында білім алып жатырған Компания қызметкерлері балаларының оқу ақысын төлеуге жұмсалды. Бұл Кәсіподақ тарапынан жасалып жатырған үлкен жұмыстың бір мысалы ғана! Жалпы осы бағыттағы жұмыстарға, яғни қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатынада ұжымдық шарт негізінде 2 331 839 мың теңге көлеміндегі қаражат жұмсалды.

Кәсіподақ қызметінің игілігін көріп жүрген қызметкерлер арасында сіздің де бар екеніңізге еш күмәніміз жоқ. Өйткені, бүгінгі таңда, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі қызметкерлерді «Кәсіподақ мүшесі немесе мүшесі емес» деп айырмай, барлығын бірдей қамқорлығына алып келеді. Осы орайда, «Алмақтың да бермегі бар» демекші, мұнай нарығында, жалпы экономикамызда орын алып отырған аумалы-төкпелі жағдайларды ескере отырып, Кәсіподақ қызметін жандандырып, ынтымағымызды арттырып, қуатымызды бекемдей түсу үшін Сізді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі болуға шақырамыз! Сіз Кәсіподақ мүшесі болсаңыз ғана өз құқықтарыңыз бен мүмкіншіліктеріңізді толық қанды жүзеге асыра аласыз.

Біздің күшіміз — бірлікте!!!

Компания Кәсіподақ қызметі туралы толық ақпаратты «Outlook» электронды құжатайналымы жүйесіндегі «Сайты груп» қосымшасындағы «Кәсіподақ – Профсоюз» папкасынан ала аласыз.

Құрметпен,

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

 

 

Подробнее: Word 2010 ключ скачать бесплатно