Өңірде тұңғыш облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 3 мамыр күні жас мамандар арасында «Маңғыстау ханшайымы-2017» байқауы өтті. 21-29 жас аралығындағы арулар қатысатын сұлулық байқауынан бас жүлдеге "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жұмысшысы Нугманова Анар Бауыржанқызы ие болды.