«Маңғыстамұнайгаз» АҚ кәсіподағының 2016 жыл бойынша есебі

Бүгінгі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамындағы кәсіподақ жұмысында әлеуметтік әділдік - басты басымдылық болып табылады.

Қазақстандық кәсіподақ қозғалысында әрі қарай әлеуметтік әріптестік жүйесін және әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен жалдамалы еңбек адамдарының мүдделерін қорғау тиімділігін арттыруды нығайтуға бағытталған реформалау және жаңғырту процесі жүріп жатыр.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы) «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңына сәйкес, 2015 жылғы сәуірде  қайта тіркеуден өтті және мүшелік ұйым ретінде «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – Салалық кәсіподақ) құрамына кірді.

Салалық кәсіподақ өз қызметінің екіжылдық кезеңінде Еңбек кодексінің жаңа жобасы бойынша, қабылданған 3 бұрыштаманың, соның ішінде ҚР Үкіметі мен Парламентінің атына келген арнайы қарардың жұмыс қортындысы бойынша 3 съезд өткізді. Бағдарламалық құжаттар: 2015-2020 жылдарға арналған кадр және қаржы саясаты бойынша тұжырымдама қабылданды, Орталық кеңестің 6 пленумы ұйымдастырылып, 10-нан астам атқару комитетінің отырыстары өткізілді. Бүгінгі таңда Салалық кәсіподақтың құрамында 11 облыстық және қалалық филиал, 30-ға жуық жергілікті кәсіподақтар, жалпы саны 40 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері жұмыс істейді. Салалық кәсіпорын Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясының мүшелік ұйымы болып табылады. 

ҚР кәсіподақтар федерациясымен және салалық кәсіподақтың бірлескен желісі жұмыс істеуі үшін, есептік кезең бойынша мынадай жұмыстар мен ic-шаралар жүргізілді:

1,5 жыл ішінде Қазақстанда маңызды заңнамалық реформаларды - «Кәсіптік одақтар туралы» Заң мен жаңа Еңбек кодексі қабылданды. Олар қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша жаңа мүмкіндіктер беріп, әлеуметтік әріптестік құрылымында кәсіподақтардың жауапкершілігі мен рөлін күшейтті. Бұл ретте кәсіподақтың бастауыш ұйымы ұжыммен тікелей келісімшарты бар, басты әрекет етуші тұлға болып табылады.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Еңбек кодексінің жаңа заңдарының енгізілуіне байланысты, осы кодекстің нормаларын түсіндіру мақсатында, ҚР КФ мен Салықтық кәсіподақ бірлесіп, салалық кәсіподақпен «ҚР Еңбек кодексіне түсіндірме» Жұмыс кітабын шығарды. Осы аңдатпаның авторлары: ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ГПД кафедрасының профессоры, заңгер, заң ғылымдарының докторы Әбілғазы Құсайынов пен Еңлік Нұрғалиева болып табылады. Барлық деңгейдегі кәсіподақтармен заң жобасының бастамашысына 200-ден астам ұсыныстар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылданған Еңбек кодексіне 117 маңызды және мағыналы түзетулер енгізілгендігін атап өту керек. Әсіресе, партия ұйымдарының төрағаларына және жұмыс берушіге Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіруді қамтамасыз ету маңызды. Жергілікті кәсіподақ осы кітапты (60 дана), Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелеріне таратты.

 

C:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\Новая папка\IMG_8314.JPGC:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\Новая папка\IMG_8317.JPG

Халықаралық жұмыс аясында, 2016 жылғы 22-25 ақпан аралығында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов бастаған делегация өкілдері Германияға барды. Делегация құрамында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың кәсіподақ төрағасы да болды. Сапардың мақсаты - Еуропадағы тұрақты әрі ең сәтті деп танылған «германдық» кәсіподақ қозғалысы мен әлеуметтік әріптестік үлгілерін зерттеу еді. Кездесу барысында Германия мен Қазақстандық тараптар жалдамалы еңбек қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі кәсіподақтар жұмысының тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасты. Германдық әріптестер өндірістік кеңестердің қызметі жөнінде, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың, құрылымы мен саны, мүшелерін сайлау тәртібі туралы әңгімеледі. Неміс тарапы өндірістік және тарифтік келісім секілді ерекше құжаттардың жағдайын көрсетті. 

 

http://mgko.kz/sites/default/files/styles/photo/public/news/20160224_135749.jpg?itok=PoukmizQhttp://mgko.kz/sites/default/files/styles/img-inn/public/news/20160223_205948.jpg?itok=RiO2ZtSl

 

2016 жылғы 15 наурызда Астанада Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің төрағалық етуімен мұнай-газ саласындағы Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі  Салалық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Салалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып, 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. 2017-2019 жылдарға арналған Салалық келісімді әзірлеу жөніндегі келіссөздерді қарқынды жүргізу мақсатында жұмыс тобының құрамы жасақталды. Сонымен қатар, Салалық комиссияның жанынан Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі кеңес пен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабылданды. 

 

C:\Users\uais_getybay\Desktop\1.jpgC:\Users\uais_getybay\Desktop\2.jpg

 

Жұмыс берушімен ұжымдық келіссөздерді сауатты жүргізу және Салалық кәсіподақпен өзара тығыз әрекеттестікте болу шеберлігінің нәтижесінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың кәсіподақ ұйымының мыңдаған ұжымының мүдделерін қорғауға мүмкіндік берді. Ұжымдық шарттың талаптары бойынша, бұрын жұмыс беруші қызметкерлерге жыл сайын еңбекақыны көбейтуге міндетті болатын. Осы міндеттемелердің талаптарын орындау жөніндегі кәсіподақтың жұмыс берушіге бірнеше рет қойған өтініштері еш нәтижесіз қалды. Салалық кәсіподақтың қолдауымен, сәуір айында жұмыс берушіге жолдаған заңнама талаптарын түсіндіре отырып, кәсіподақтың араласуынан кейін ғана «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, қызметкерлердің тарифтік мөлшерлемелерін және лауазымдық жалақылар мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдады. 

 

http://mgko.kz/sites/default/files/styles/img-inn/public/news/peregovoryi-s-rukovodstvom-cnpc-kazahstan.jpg?itok=qpXn804Hhttp://mgko.kz/sites/default/files/styles/photo/public/news/peregovoryi-v-rukovodstvom-ao-mangistaumunaygaz.jpg?itok=l48Cv8G0

 

Ақтауда алғаш рет ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, 23 сәуірде Маңғыстау кәсіподақ орталығының кубогы үшін кәсіподақ ұйымдары жастарының командалары арасында волейболдан жарыс өтті. Волейбол алаңына аймақтың ірі компанияларының, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің кәсіподақ ұйымдарының жастарынан құралған 19 командасы шықты. 

Екі секция бойынша – «Ақтау» ОСК мен «Мұнайшы» спорт кешенінде өткен волейбол жарысының нәтижелері бойынша, үшінші орынды - Маңғыстау Гуманитарлық колледжінің кәсіподақ ұйымының студенттері, екінші орынды – «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ өкілдері иеленді. Бас жүлдені - Маңғыстау кәсіподақ орталығы төрағасының кубогын, жарыстардың абсолюттік жеңімпазы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының өкілдері алды. 

 

C:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\волейбол (compresed).mp4_snapshot_03.04_[2017.03.03_10.53.46].jpgC:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\волейбол (compresed).mp4_snapshot_00.00_[2017.03.03_10.47.54].jpgC:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\волейбол (compresed).mp4_snapshot_13.16_[2017.03.03_10.50.56].jpghttp://mgko.kz/sites/default/files/styles/photo/public/news/2.png?itok=mG2csL-dhttp://mgko.kz/sites/default/files/styles/photo/public/news/glavnoe-foto_0.png?itok=mQx-nDnw