Бірлікке үндеген кәсіподақ

C:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\ДОКУМЕНТЫ ПРОФКОМА\Эскизы логотипа профсоюза\11.jpg
БІРЛІККЕ ҮНДЕГЕН КӘСІПОДАҚ

 

10 маусым - елімізде кәсіподақ ұйымдарының төл мерекесі болып бекітіліп, үш жылдан бері тойланып келеді. Осы айтулы датаға орай, Компания жанында қызмет ететін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің

     қызметіне кеңінен тоқталмақпыз.

 

Кәсіподақтың жұмысында әлеуметтік әділдік - басты басымдылық болып табылады! 

Қазіргі таңда жұмысшылардың экономикалық және әлеуметтік құқын қорғау өзекті мәселелердің бірі. Негізгі мақсаты Кәсіподақ мүшелерінің, сондай-ақ жалпы компания қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету болып табылатын жұмысшылар мен жұмыс берушінің еңбекке байланысты арақатынасын реттеп отыратын заңды және тәуелсіз өкіл болып отырған Кәсіподақтың арқалап отырған жүгі ауыр. 

7 маусым күні «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акт залында  Кәсіподақтың атқарып жүрген жұмыстарына атсалысып жүрген 29 мүшесіне Алғыс хаттар табысталып, ақшалай сыйақылар берілді. Аталмыш жиында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Айдинов әріптестерін төл мерекесімен құттықтады: Кәсіподақ мүшелерін Қазақстан кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл  - еңбек адамының құқығын қорғай отырып, күн сайын және сағат сайын кәсіподақ мүшелерінің мәселелерін қабылдайтын және оларды өзінің мүмкіндіктеріне қарай шешетін жандардың мерекесі.Табысты және мықты мемлекеттің алтын діңгегі - еңбекте жетістігі мол адам болып табылатындығы баршаға аян! Қазіргі қиын-қыстау күндері қоғамда туындаған мәселелердің оңтайлы шешімін табуға және уақтылы сезінуге мүмкіндік беретін, еңбек жағдайларын қолайлы және қауіпсіз етуді жалғастыру мақсатында, кәсіподақ үлкен жасампаздық жұмыстар атқаруда. Сондықтан, бұл күні Қоғамның барлық кәсіподақ мүшелеріне береке-бірлік, шыдамдылық, сәттілік, ашық аспан және еңбек ұжымының жаңа белестеріне шығуларын тілеймін, – деп сөзін аяқтады.

C:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\ДОКУМЕНТЫ ПРОФКОМА\День Профсоюзов РК - 2017г\Фото поощрения на День профсоюзов\DSC_0127.JPGC:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\ДОКУМЕНТЫ ПРОФКОМА\День Профсоюзов РК - 2017г\Фото поощрения на День профсоюзов\DSC_0154.JPGC:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\ДОКУМЕНТЫ ПРОФКОМА\День Профсоюзов РК - 2017г\Фото поощрения на День профсоюзов\Награждение Кадырова Куванышбек ЖЭЦ, и Сагаденова Каламкас ЦТРЗиС..jpg

 

Осы жиыннан соң Кәсіподақ төрағасын шағын сұхбатқа шақырған едік..

 

Ұжымдық-шарт — кепілдік құжаты

-  Кәсіподақтың қолға алуымен Компания қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мақсатында бірқатар жұмыстардың  атқарылғаны белгілі. Осы орайда Кәсіподақтың табанды еңбегінің арқасында Компания басшылығымен жасалған Компания қызметкерлерінің мүддесін көздейтін ұжымдық шартқа қол қойылды. Әңгімемізді осыдан бастасақ…

 

Ұжымдық келісім-шарт — ұжымды да, жұмыс берушіні де қорғайтын  және кепілдік беретін құжат. Біздің негізгі жұмысымыздың бағыты да осы – Ұжымдық шартты жасау, бекіту, оның орындалуын қадағалау болып табылады. Ұжым жұмысының тұрақтылығы келісім-шарт мазмұнының қаншалықты нақты және сапалы жасалуына байланысты. Осы келісім-шартта Кәсіподақ қандай кепілдеме бере алатыны нақты айтылады. 2016 жылғы 13 желтоқсанда, жұмыс берушімен және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлердің жергілікті кәсіподағының арасында ұжымдық шартқа қол қойылды. Жаңа құжат тараптардың әріптестік әлеуметтік мүдделерін нақты көрсете отырып және мұнай компаниясының нақты экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жалдамалы еңбек қызметкерлері үшін қажетті әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ете отырып, ҚР Еңбек кодексінің және 2017-2019  жылдардағы мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы салаларында Салалық келісімнің нормаларына сәйкес әзірленді. 

Дағдарыс кезінде Ұжымдық шарттың алынып тасталған, уақытша тоқтатылған кепілдіктері қайта қалпына келтірілді. Қосымша 17 тармақ енгізілген, осы шарттардың орындалуына қаражат  390 млн. теңгеге жуық болды, яғни жұмыс берушімен барлығы 1 млрд теңге қоғам қызметкерлері үшін әлеуметтік пакетті жақсартуға бөлінді. Бұл жұмыс беруші мен кәсіподақтар арасында әлеуметтік әріптестік ісінде үлкен жетістік болып табылады. Өмір болғасын жұмысшылардың сұрақтары да болады. Қазіргі таңда олардың барлығы кәсіподақ пен Жұмыс берушімен бірігіп заңды түрде қарастырылуда. 

 

C:\Users\t_kh_ajdinov\Documents\ДОКУМЕНТЫ ПРОФКОМА\КОЛЛЕКТИВНЫЙ ДОГОВОР-2016\Фото подписания КД\DSC_0544.JPG

Бүгінгі таңда Кәсіподақ мүшелері жайлы сан мен статистиканы сөйлетсек?

  

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ біздің өңірде мұнай өнеркәсібін қарқынды дамы-туға бастау болған бас кәсіпорын болып табылады. Бүгінде тәулігіне 17 500 тоннадан астам мұнайды құрайтын тәуліктік өндіру кәсіпорында тұрақты сақталған. Мұнайшыларға суық жел мен ыстықта да, ауа райының қолайсыздығына қарамай күндіз-түні қиын жағдайларда жиі еңбек етуге тура келеді. Олардың шеберлігі мен өз ісіне адалдықтарының арқасында Компания жылдан жылға жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындай отырып, ырғақты және үздіксіз жұмыс істейді. Қоғам қызметкерлерінің барлық ниеті алға қойылған жоспарлы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ барлық жетістерінде біздің ұжым мен Компанияның қызметкерлеріміздің ерен еңбегі бар екенің Компания әрқашан есте сақтауы тиіс. 

Біздің Компанияның белсенді дамуына және өркендеуіне кәсіподақ мүшелері де өз үлестерін қосуда. Бүгінгі таңда компанияда шамамен 5 517 адам еңбек етеді. 01.01.2017 жылдың қорытындысы бойынша,  олардың шамамен 4 823 адамы (87.42 пайызы) кәсіподақ мүшелері болып табылады. Мен төрағалыққа келгеннен кейін кәсіподақ құрамына мүше болып кіргендердің саны  артты. 2015 жылы 6 айда кәсіподақ мүшесі 375 адамга көбейді. 2016 жылдың есепті кезеңде кәсіподаққа 160 адам кірсе, ал зейнетке кетуіне байланысты 124 адам кәсіподақтан шықты. 2017 жылдын 5 айында 29 адам кәсіподаққа кірді. Кәсіподақтан өз қалауы бойынша шыққан жекелеген жағдайлар да бар. Бүгінде кәсіподаққа мүше адамдардың саны - 2015 жылға қарағанда қомақты 87.42 пайыз (82.7 пайыз) және бұл осы цифрмен тоқтап қалмайды деп ойлаймыз. 

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жұмысшыларға және кәсіподақ жұмысын қолдаған азаматтарға алғысымды білдіремін.

 

Ал Кәсіподақ мүшелерінің тұрмыс, денсаулық, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында нақты қандай шаруалар жасалып жатыр?

 

Қызметкерлерімізді сауықтыру және демалыс уақыттарын ұйымдастыруды да кәсіподақ өз қолына алған. Биыл да қызметкерлердің алғашқы легі денсаулықтарын түзеу мақсатында санаторлы-курорттық ем қабылдап келді,  әлі де жолдама алатындар саны қаншама. Бұл ретте Кәсіподақ санаторияларда ем қабылдауына байланысты, жолдаманың немесе емнің құнының белгілі бір пайызын төлеп көмек көрсететінін де атап өткен жөн. Компанияның әлеуметтік саясатының маңызды  саласының  бірі – балалардың жазғы демалысы. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын  нығайту, олардың  тиімді демалысын және  бос  уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенді түрде қолға алынған. Биыл Компаниямыз еліміздің демалыс лагерьлері Қостанайда (Мерей) – 303 бала, Шымкентте (Машат-Арасан) – 266 бала,  және Каспий теңізінің жағасындағы «Алау» балалар лагерінде 1300 баланың тынығуын ұйымдастырады. Сондай-ақ, өндірісі өркен жайған «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы мұнайшылар мен олардың балаларына да Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып, тарихи сәттің куәсі болу бақытын сыйлап отыр. 

Материалдық көмек көрсету және әлеуметтік төлемдер төлеу бағытында: үйленуге, отбасындағы баланың тууына байланысты; мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандарға; қызметкердің қайтыс болуына байланысты көмек ретінде; жақын туыстарының қайтыс болуына байланысты; аса мұқтаж қызметкерлерге емделуге және ерекше жағдайларда, операциялар ақысының белгілі бір пайызын төлеуге; 12 жасқа дейінгі Қоғам қызметкерлерінің балаларына Жаңа жылдық сыйлықтар алуға; асырауында 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп баласы бар қызметкерлерге; 12 жасқа дейінгі Қоғам қызметкерлерінің балаларына Жаңа жылдық кештер ұйымдастыруға; Компания қызметкерлерінің балаларын оқытуды қаржыландыру мақсатында үлкен жұмыстар атқарылуда. Жылдың басынан бастап, жұмысшылардың сұрауы бойынша, вахтааралық ауысым кезінде тұрғылықты мекеннен (Ақшымырау, Қызан, Шебір, Тұщықүдық, Құрық, Форт-Шевченко) кенорындарына жеткізу бағыттарына көлік шығару мәселесі Қоғам Басқармасымен қаралып, оң шешімін тапты.  

Кәсіподақ пен Компанияның ерекше қамқорлық нысанасы - оның қызметкерлері болуы тиіс, олар қызметкерлердің еңбекке, демалысқа,  кәсіби өсуіне,  жеке дамуына арналған барынша қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасап, сондай-ақ, өзіндік өмір сүру деңгейін лайықты қамтамасыз етулері қажет. Салауатты өмір салтын ұстану бағытында да Қоғам мен облыс деңгейінде кәсіподақ барлық спорт шараларына белсене қатысып отырып, жұмысшыларды да спортпен айналысуға жұмылдырып отыр. Барлық осы жобаларды қаржыландыратын Қоғам Басқармасы және кәсіподақ болғандықтан, Кәсіподақ қай істе де Басқармамен тізе қоса отырып жұмыс жасайды. Бұл Кәсіподақ тарапынан жасалып жатырған үлкен жұмыстың бір бөлігі деп есептейміз.

 

Жастар саясатына байланысты қандай жұмыстар атқарылуда?

 

Қоғам қызметкерлерінің 30 пайызын 20-34 жасқа дейінгі жастар құрайтындығын ескере отырып, Қоғамның жергілікті кәсіподағы кәсіподақ қозғалысына жоспарлы түрде жастарды жұмылдыруда. 2015 жылдың соңында Жергілікті кәсіподақтан жастармен жұмыс жөніндегі кәсіподақ қызметін үйлестіру, жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби проблемаларын зерделеу, жастар проблемаларының шешімі бойынша ұсынымдар әзірлеу, жастардың еңбек құқығын және әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселелері жөніндегі ұжымдық акциялар мен өзге де ic-шараларды, ортақтас іс-әрекеттерді жүргізуге  ықпал ету үшін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нен жастар арасында жұмыс жөніндегі Комиссия  құрылды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» жастарды, оны одан әрі нығайтуға ықпал жасайтын барлық деңгейдегі кәсіподақтық құрылымдардың жұмысын жандандыруға шақырылған негізгі ресурстардың бірі ретінде қарайды. Осы күнге дейін кәсіподақ ұйымы мен Жас мамандар кеңесі бірлесіп, жастардың  әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешумен, жастарға қызықты іс-шаралар, байқаулар, кештер, концерттер, спорттық жарыстарды өткізді. Еңбекші жастар өзінің жанқиярлық еңбегімен, энергиясымен, бастамасымен және қазіргі заманауи білімімен, Қазақстанның қуатты болып гүлденуіне, одан әрі дамуына елеулі үлес қоса береді деп ойлаймыз. Ол үшін жастарға қазіргі заманда барлық мүмкіншіліктер қарастырылған.

 

Кәсіподақ өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мәселесіне қалай қарайды?

 

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы кәсіподақ пен жұмыс берушінің бірлескен жұмысының ажырамас бөлігі болуға тиісті.  ҚР жаңа Еңбек кодексінде жұмыс беруші мен қызметкерге оның  шешімі міндетті болып табылатын «Өндірістік кеңес» ұғымы енгізілді. Бұл кәсіподақтар үшін ең маңызды жетістік! Осы бағытта Компаниямызда Өндірістік Кеңес құрылып, сол бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін кәсіподақтың инициативасы бойынша және Қоғамның ықпал етуімен, құрылымдық бөлімшелерде жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Техникалық инспекторлардың жұмыстары немқұрайлы емес, сапалы болуы тиіс, сондықтан техникалық инспекторлардың жұмыстарын ынталандырып отыру қажет. Алдағы жылдарда кәсіподақтардың қызметі кәсіптік ауруларды, жарақаттануды болдырмайтын, лайықты еңбек жағдайларын енгізуге бағытталуы тиіс. 

 

Компания қызметкерлерін кәсіподақ туралы ақпаратпен дер кезінде қамту мәселесі қалай жүзеге асуда?

 

Кәсіподақ жұмысын жандандыру үшін, Қоғамның ААжТБД мамандарының көмегі арқылы, «Топтар сайтында» кәсіподақ қызметіндегі барлық ақпараттар, жаңалықтар мен хабарландырулар орналастырылатын «Кәсіподақ папкасы» құрылды. Бұл папка өз компьютері бар Қоғам қызметкерлеріне қол жетімді. 2017 жылдан бастап кәсіподақ төрағасының блогы, кәсіподақтың өз сайты жұмыс жасап тұр. Ол кез келген қызметкерге ғаламтор арқылы кәсіподақ төрағасына көкейкесті мәселелер бойынша тікелей сауал қоюға ықпал етеді. Бұл да кәсіподақ жұмысының қызу жүріп жатқанының бір көрінісі.

Кәсіподақтан көз жазбаңыз…

Кәсіподаққа мүше болу-болмау турасында ойланып жүрген қызметкерлерге не айтасыз?

 

Жұмыс берушіге әлеуметтік лайықты серіктес болуға қабілетті, ұжымның басым көпшілігінің мүддесін білдіре отырып, құқығын күшті және қуатты кәсіподақ қорғайтын Қоғам қызметкерлерінің мыңдаған ұжымы біздің тылдағы еңбеккерлеріміз іспетті. Кәсіподақ қызметінің игілігін барлық қызметкерлер бірдей дерлік көреді. Себебі, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі қызметкерлерді «Кәсіподақ мүшесі немесе мүшесі емес» деп ажыратып жатпайды. Әр азамат кәсіподаққа ерікті түрде, оның моральды және материалды көмегін, қорғаушы қызметін түсіне отырып мүшелікке өтуі керек деп ойлаймын. Кеңес заманынан қалған кәсіподақты «тұтынушылық» орган ретінде, төленген жарнаны қандай жолмен болсын қайтарып алуға әрекеттену сияқты ойлар емес, керісінше өз мүшелерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде біріктіретін тәуелсіз, дербес мәртебелі қоғамдық ұйым ретінде қарауын сұрар едік. Өйткені кәсіподақ ҚР Конституциясына, заңдарына сәйкес қызмет істейді. Біздің негізгі басты мақсатымыз – өздеріңіз зор сенім артқан кәсіподақ жұмысын бүгінгі уақыт пен заман талабына сай ұйымдастырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарапайым еңбек адамдары тағдырына қатысты түйіндерін дұрыс шешуге ат салысу. Ал, кәсіподаққа мүше болғысы келген қызметкер Ұжымдық шартпен танысып, арыз жазуы тиіс. Одан арғы жұмысты кәсіподақ өзі атқарады. Компания қызметкерлеріне айтарым кәсіподақтан, оның атқарып жатқан істерінен көз жазбаңыз! Себебі біз көзделген мақсатқа ынтымақтың арқасында ғана жетеміз, бұл жерде ұжымдағы кәсіподақ мүшелерінің бұрын-соңды болмаған ауызбірлігі мен қолдауы, Қоғам басшылығының өзара түсіністігі ауадай қажет.

E:\2016 год\Фото ПУ ЖМГ\фото3.jpeg

 «Жетібаймұнайгаз» ӨБ кәсіподағының төрағасы Тарғын Мысамбаев:

 

7 маусым күні кәсіподақ күніне орай кенорында цехтар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды, нәтижесінде жеңімпаздар марапатталып, оларға ауыспалы Кубок табысталды. Осы күні кәсіподақ ұйымының жұмысына белсенді атсалысып жүрген қызметкерлерге «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кәсіподағының атынан 4 адамға, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ кәсіподағының атынан 10 адамға Алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табысталды. Өзім де Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында өткен салтанатты жиында облыс әкімінің және Салалық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен марапатталдым. Бұл дегеніміз ұжым болып біріге отырып атқарылған жұмыстың жемісі деп білемін. Осы салада жұмыс жасағаныма 21 жылдан асты, жұмысымыз қалыптасқан жүйелі түрде жүріп жатыр, көмекші кассирім бар. Барлық жұмыста Ата заңды, Еңбек Кодексін және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысын басшылыққа аламыз. Кәсіподақ мүшелері қайсыбір істе де белсенді. Кенорында мәдени іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылады және оған ұжым болып, барлығымыз атсалысамыз. Жыл сайын қызметкерлерімізді санаторлы-курорттық жолдамамен кезек бойынша жібереміз, жолдама жетпегендерге өтемақы төлеу жүйесі қарастырылған. Әрбір мереке сайын ұйымдастырылатын түрлі спорттық шаралар үлкен тартыспен, қызықты  деңгейде өтеді. Жетібайда жылдағы дәстүріміз бойынша биыл да ауызашар бердік. Мектептердің спорт залдарын әртүрлі шаралар кезінде қолданатындықтан, қажет кезінде оларға да көмек көрсетеміз. 

Жалпы, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы бойынша 1132 адам жұмыс жасаса, соның тек қырық шақтысы ғана кәсіподақ құрамында жоқ, бұл деген біздің жұмысымыздың жақсы жолға қойылғанының нәтижесі болса керек. Негізі менің ойымша, мекеменің қызметкерлері бір ауыздан болып, кәсіподақ мүшелігіне өтуі біз үшін де өте жеңіл болар еді, ондай жағдайда басшылықпен келіссөздер кезінде жұмысшылардың атынан сөйлеп, сөзіңді өткізу де оңай  болады.

Кәсіподақ мерекесі қарсаңында ұйымның барлық мүшелерін төл мерекелерімен құттықтаймын. Барлық уақытта бізді қолдап, сөзімізді сөйлеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген белсенділерге алғыс айтамын. Отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Еліміздің келешегі кемел, дамуымыз жедел болсын! – деді ол.

«Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бойынша да дәл осы бағыттардағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Қазіргі таңда «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бойынша 1607 адам жұмыс жасаса, оның 1557 жұмысшысы кәсіподақ мүшесі, бұл 97 пайызды құрайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп есептейміз.

 

Міне, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі кәсіподақтардың төл мерекесіне жақсы дайындықпен, осындай жетістіктермен келіп отыр.

 

 

 

2