Ақтөбе халқының алғысы

Қадірлі әріптестер!

Еліміздің табиғат апаттарынан зардап шеккен өңірлеріне көмек қолын созуға арналған қайырымдылық шарасына бір ауыздан ат салысқандарыңыз үшін тағы бір мәрте алғыс айта отыра, Компания қызметкерлері жалақысы есебінен жиналған қаржылай көмекке ие болған Ақтөбе жұртшылығы атынан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев мырзадан келіп жеткен жеделхатты назарларыңызға ұсынамыз.