Ұлы жеңіс құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке — жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да еліміздің өркендеуі мен  елордамыздың гүлденуі де — осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан ұлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас тарағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Құрметпен, Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы

Қ.Жанабеков